Коронавирус: Шымкентке барған автобус анықталды

25 Наурыз 2020, 18:17
2083
Бөлісу:
Коронавирус: Шымкентке барған автобус анықталды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бүгін өткізген брифингте Шымкентке науқасты жеткізген автобус анықталғанын айтты.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтаннан қаласынан Шымкентке науқасты жеткізген автобус қазір анықталған. Онда болған 51 жолаушының 35-і карантинге жабылған. Қалған 16 адам іздестірілуде.

Брифинг барысында министр ел азматтарының жауапкершілігі күн сайын артып келе жатқанын жеткізді.

Қазіргі таңда қазақстандықтар қоғамдық бақылауда белсенділік танытып, сауда орталықтарындағы санитарлық талаптардың сақталуын талап етіп отыр. Егер дүкендегі кезек тым жиіле кетсе немесе сатушы маскасыз отырса азаматтар оны полицияға хабарлауда, - деді Абаев.

Сондай-ақ, ол халық бірінші кезекте тұтынатын тауарлардың тапшылығы болмайтынын айтты. 

Бұл мақсатта Үкімет тоғыз түрлі тауарды экспорттауға тыйым салды. Оларды қазір сауда желілері өңірлік азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорлары, көтерме сауда жасаушылар сатып алуда. Қазірдің өзінде көптеген өндірушілер өз өнімдерін ішкі нарыққа бағыттағанын байқап отырмыз. Сондықтан осындай күрделі уақытта өз еліне көмектесіп жатқан кәсіпкерлерге алғыс айтамыз, - деді ол. 

Министрдің айтуынша, елімізде қолдан демалдыратын аппаратар жеткілікті және қосымша тағы жеткізілмек.

Қазіргі күні республикадағы денсаулық сақтау мекемелерінде 2,5 мыңнан астам ЭВЛ аппараты бар. Қажет болған кезде олардың бәрі коронавирус бойынша құрылған бөлімшелерге беріледі. Сондай-ақ қосымша дәл осындай тағы 250 аппарат сатып алу көзделіп отыр. Қазір ҚР сырты ісітер минитсрлігі Швейцариялық өндірушілермен келіссөздер жүргізіп жатыр, - деді Дәурен Абаев. 

Сонымен қатар, ол Үкімет коронавируспен күресу үшін бұрын-соңды болмаған ауқымды шараларды атықарып жатқанын айтты. 

Қазір адамдар да үйден шықпай өмір сүруге үйренуде. Көпшілігіміз қашықтан жұмыс істеуге көштік. Жағдай күрделі, сол үшін барлығыңыздың көмегіңіз керек. Ол үшін мамандар айтқан кеңестерді жасау қажет. Қолыңызды сабынмен жуып, маска тағыңыз және үйден шықпаңыз, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы