Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн-нан асты

3 Сәуір 2020, 09:14
1274
Бөлісу:
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн-нан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар бір миллионнан, қайтыс болғандар елу мыңнан асты. Бұл туралы АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінде айтылады. 

Қазір әлемде 1 015 186 коронавирус жұқтырды. Covid-19 дертінен 52380 адам көз жұмды. 213919 адам аурудан жазылды. Қатерлі індет әлемнің 207 мемлекетін шарпыды.

АҚШ (245260 адамға жұғып, 6075 адам қайтыс болды), Италия (115495, 13974), Испания (112065, 10348), Германия (84789, 1109), Франция (59105, 4503) қатарлы мемлекеттер қатты зардап шегіп жатыр.

Вирус алғаш таралған Қытайда 81602 адамға вирус жұғып, 3322 адам көз жұмды. Бірақ кейінгі бір аптада бұл елде вирус жұқтырғандар күрт азайды. Ресми Пекин өткен аптада коронавирусты жеңгенін хабарлаған. Вирус алғаш тараған Хубэй провинциясы 28 наурызда екі айлық карантиннен босатылған.

Қазақстанда 435 адамға вирус жұқты. 27 адам дертінен айығып, 3 адам қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 дертін "пандемия" деп жариялаған. Қазір әлемнің көп елінде төтенше жағдай мен карантин.

Өзгелердің жаңалығы