Коронавирус. Польша ұлттық құрамасының бас бапкері ауырып жатыр

27 Қыркүйек 2020, 20:41
1794
Бөлісу:
Коронавирус. Польша ұлттық құрамасының бас бапкері ауырып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польша құрамасының бас бапкері Ежи Бжечектің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы Польша ұлттық құрамасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ежи Бжечектің  SARS-CoV-2 вирусына тапсырған сынамасы оның қатерлі індетті жұқтырғанын растады, - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, 11 және 14 қазанда Польша құрамасы Ұлттар лигасы аясында Италия, Босния және Герцоговина командаларымен ойнайды.

Өзгелердің жаңалығы