Коронавирустан гөрі пневмониямен ауырғандар көп – министр

9 Шілде 2020, 13:25
1333
Бөлісу:
Коронавирустан гөрі пневмониямен ауырғандар көп – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен "Короновирустық инфекция және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайы туралы" онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Шын мәнінде ештеңе жасырын қалып жатқан жоқ, пневмонияға шалдыққандар санын да көрсетеміз. Жақын арада нақты деректер болуы үшін оны тұрақты негізде жасауды көздеп отырмыз. Бұл жерде мұндай деректерді жариялауда ешқандай кедергі жоқ деп ойлаймын. Барлығы нақты ауқымды түсінуі керек, - деді Цой. 

Министр қазіргі уақытта пневмонияға шалдыққандар саны коронавирус инфекциясын жұқтырғандардан әлдеқайда көп екенін айтты. 

Коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларына қарағанда, пневмониямен ауырғандар 2-3 есе көп. Қазір орта есеппен осындай өсім байқалып отыр. Соңғы уақытта өлім-жітім жағдайлары да бар. Шынайы көрініс болуы үшін, мұны да айтып отырамыз. Мұндай деректерді сайтымызда немесе ақпарат көздерінде жариялау жоспарда бар. Уақытына қатысты айтар болсам, келесі аптада бұл мәліметтерді қолға алып, шынайы жағдайды барлығы көруі үшін жария етуге тырысамыз. Дәрігерлер мұндай деректерді көріп отыр. Егер халықты да қызықтыратын болса, онда біз ұсынуға дайынбыз, - деді Алексей Цой.

Өзгелердің жаңалығы