Коронавирус: Өзбекстанда антирекорд орнады

23 Сәуір 2021, 00:53
4574
Бөлісу:
Коронавирус: Өзбекстанда антирекорд орнады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өскені байқалды, деп хабарлайды 24.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 21 сәуірде Өзбекстанда 384 адамға коронавирустық инфекция диагнозы қойылды. Бұл 2021 жылғы жаңа антирекорд. Қазір елдегі тіркелген коронавирус жұқтырған азаматтар саны 87 935-ке жетті.

Аймақтар арасында ең көп вирус жұқтыру көрсеткіші Ташкенттен кейінгі (207 адам) кезекте Самарқанда байқалған – 73 адам.

1 сәуірде 290 адам індеттен сауығып, бүгінге дейін аурудан айыққандар саны 85 007 (97%) жеткен.
Қазіргі уақытта республикада 2288 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 238-ның жағдайы ауыр, 113 науқастың жағдайы өте ауыр екендігі айтылған.


Өзгелердің жаңалығы