Бас жаңалықтар
Коронавирус. Осы аптада науқастар саны 12%-ға өскен
17 Наурыз 2021, 16:50 294

Коронавирус. Осы аптада науқастар саны 12%-ға өскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша өткен онлайн брифинг барысында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов айтты. 

Қазақстан Республикасында 17 наурыздағы жағдай бойынша COVID-19-ға оң нәтижемен 226 767 науқас және КВИ- бойынша 49 896 жағдай тіркелді. КВИ+ бойынша жазылып шыққандар саны 208 074 болса, КВИ- бойынша 45 428 (науқас сауығып шықты. Ақпанда қаңтармен салыстырғанда науқастар саны 30%-ға төмендегені байқалды. Сонымен қатар соңғы 5 күн ішінде тәулігіне 1000-нан астам жағдай анықталды, - деді ол.

Бас санитар соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда науқастар саны 12%-ға өскені байқалғанын жеткізді.

Қазақстан Республикасы тәуекелі төмен аймақтан немесе «жасыл» аймақтан тәуекелі орташа аймаққа немесе «сары» аймаққа ауыстырылды. «Қызыл» аймақта 3 өңір: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары және Батыс Қазақстан облысы тіркелді. «Сары аймақта» Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған облыстар «жасыл» аймақта орналасқан, - деді ол.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...