Коронавирус: Нұр-Сұлтанда 14 адам қалай жұқтырды?

17 Наурыз 2020, 13:05
5704
Бөлісу:
Коронавирус: Нұр-Сұлтанда 14 адам қалай жұқтырды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Кім және қалай жұқтырды" деген сұраққа Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тікелей эфирде жауап береді.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Қазақстан Ұлттық арнасында тікелей эфирде "Ашық алаң" бағдарламасында айтты.

Нұр-Сұлтан қаласында тікелей брифинг ұйымдастырылады. Жалпы "қайдан келеді және қалай анықталды" сол кісілер айтатын болады... бүгін таңертең "Нұр-Сұлтан қаласынан 14 адам тіркелді" деген шұғыл ақпарат келіп түсті... 14 адам әртүрлі елден Италия, Кореядан ұшып келген. Өздері белгілерін байқап, 103-ке хабарласқан науқастар да бар, - деді Диас Ахметшәріп.
Еске салсақ, бүгін Нұр-Сұлтанда тағы 14 адамнан коронавирус табылды. Сөйтіп елімізде ауруға шалдыққандар саны 27-ге жетті. Науқастар арасында 2018 жылғы бүлдіршін де бар.

Бүгіннен бастап, Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің коронавирус таралуының алдын алу мақсатында жасаған жаңа қаулысы күшіне енді.

Енді медмекемелерге тек қызметкерлер ғана кіре алады және бұл ұйымдарда фото-видео түсіруге қатаң тыйым салынады.

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа ережелерді таныстырып, COVID-19 вирусын емделетінін және оны емдеуге қажетті препараттар бар екенін атап өтіп, халықты сабырға шақырды.


Өзгелердің жаңалығы