Коронавирус: науқаспен байланыста болған жамбылдықтардың талдаулары шықты

23 Наурыз 2020, 11:46
13029
Бөлісу:
Коронавирус: науқаспен байланыста болған жамбылдықтардың талдаулары шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған Жамбыл облысының он тұрғынының талдауы теріс нәтиже көрсетті, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Хабарланғандай, 20 наурызда Алматы облысының тұрғыны "коронавирустық инфекция" диагнозымен Қарасай аудандық ауруханасына жатқызылған болатын.

Науқаспен бұған дейін байланыста болған Жамбыл облысының 10 тұрғыны анықталып, карантинге жатқызылды. Олардан коронавирусқа алынған талдаулар қорытындысы теріс нәтиже көрсетті, - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Карантиндегі адамдардың ешбірінен шағым жоқ. Жағдайлары қанағаттанарлық. Оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында қоғамдық орындарға барудан бас тартудың, жеке гигиена шараларын сақтаудың, қол алысып амандасудың және басқа да жақын қарым-қатынастарда болмаудың маңыздылығын ескертеміз. Тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге, жалған ақпараттар мен хабарламаларды таратпауға шақырамыз. Ол үшін қылмыстық жауапкершілік қаралғанын жеткіземіз, - делінген әкімдік хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы