Коронавирус. Министр елдегі жағдайды айтты

21 Сәуір 2020, 10:09
1574
Бөлісу:
Коронавирус. Министр елдегі жағдайды айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысында елдегі коронавирус инфекциясы туралы мәлімет берді.

Өткен тәулікте жалпы ел бойынша COVID-19 жұқтырған 141 науқас тіркелді. Олардың ең көп саны Алматы қаласында - 606, Нұр-Сұлтанда - 368, Қызылорда облысында - 149. Өсім деңгейі 8,2 пайызды құрады. Жалпы, ел бойынша 1852 науқас бар, - деді Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, өткен тәулікте ең көп науқас Алматы (82 науқас) мен Шымкент қалаларында (23 науқас) тіркелген. 

Алматы қаласында 82 науқастың 78-і жоспарланған скрининг тест нәтижесінде анықталды. Олардың 60-ы - орталық клиникалық аурухана ішіндегі науқастар мен медициналық қызметкерлер. Шымкент қаласында тіркелген 23 науқастың 16-сы - скрининг бойынша анықталған науқастар. Төтенше жағдай департаментінің азаматтары. Қалған науқастар - емделіп жатқан пациенттер және қарым-қатынас арқылы карантинде жатқан азаматтар, - деді министр. 

Жалпы 1386 науқас емделіп жатыр, олардың арасында 100 бала бар. 258 науқастың жағдайы орташа, 32 адам ауыр халде жатыр, ал 1096 пациенттің жағдайы бірқалыпты.

Естеріңізге сала кетейік, министр Үкіметте баяндама жасап жатқан кезде еліміз бойынша тағы да 97 адамның қатерлі індетке шалдыққаны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы