Коронавирус: Маңғыстауда мобильдік топ құрылды

23 Маусым 2020, 21:39
1545
Бөлісу:
Коронавирус: Маңғыстауда мобильдік топ құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтаудағы медициналық орталықтың бас дәрігері Алтынгүл Көптілеуова мәлімдеді.

Қазіргі таңда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты Маңғыстау облысындағы инфекциялық, провизорлық стационарларына үлкен жүк түсіп отыр. Осыған орай, барлық емханаларда мобильдік топ құрылды. Аталған топтың құрамында жалпы тәжірибелі дәрігер немесе терапевт дәрігерлері мен медбикелер бар.

Бүгінде мобильдік топтың мүшелері басқа артық жұмыстан босатылып, видео конференция арқылы науқастан келіп түскен шағымдар бойынша ғана жұмыс істейді. "Ясин" медициналық орталығында да мобильдік топ іске кірісіп кетті. Оның сall-орталығы 8775-922-2345. Бұл байланыс телефоны арқылы емханаға тіркеліп тұрған азаматтар видео арқылы кеңес алып, дәрігерлердің көмегіне жүгіне алады.

Егер сіз бойыңыздан тұмау мен ОРВИ белгілерін байқасаңыз, дене қызуыңыз көтерілсе емхана жанындағы фильтрге хабарласа аласыз. Ол жерде дәрігер шағымдарыңыз бойынша сізді қабылдап, әрі қарай амбулаториялық немесе стационарлық ем шараларын ұсынады, - дейді брифинг спикері.

Өзгелердің жаңалығы