Бас жаңалықтар
Коронавирус: Әлемде миллиардтаған адам жұмыссыз қалады
09 Сәуiр 2020, 01:27 351

Коронавирус: Әлемде миллиардтаған адам жұмыссыз қалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індеті салдарынан әлемде миллиардтаған адам жұмыссыз қалады немесе жалақысы қысқарады. Бұл туралы Халықаралық еңбек ұйымына сілтеме жасап Bloomberg хабарлады.

Бұл өзгерісті, әсіресе, қонақүй, тамақтану және сауда салаларының қызметкерлері сезінеді. Халықаралық еңбек ұйымы індетке шалдығу көрсеткіші азаймаса, жұмыссыздық деңгейі одан сайын өсетінін айтып отыр. 

Айта кетейік, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирустың таралуын пандемия деп жариялаған болатын. Елдер шекарасын жауып, бірінен соң бірі төтенше жағдай режимін енгізді. 

Қазақстанда 16 наурыз - 15 сәуір аралығында төтенше жағдай жарияланды. Облыстар мен қалалар карантинге жабылды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткізген төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында коронавирус індетіне байланысты табысын жоғалтқан адамдарға жәрдемақы төлеуді тапсырған болатын. Төтенше жағдай салдарынан кірісін жоғалтқан адамдарға ең төменгі жалақы (42 500 теңге) көлемінде ай сайынғы төлемдер жасалады. 

Алдын ала есеп бойынша мұндай қолдауға кемінде  1,5 миллион отандасымыз ие бола алады.

Қазіргі уақытта елімізде 727 адамда вирус расталды. Жетеуі індеттен көз жұмды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...