Коронавирус өкпені қалай зақымдайды?

28 Наурыз 2020, 07:29
2321
Бөлісу:
Коронавирус өкпені қалай зақымдайды?
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Вашингтон университетінің ғалымдары коронавирустың қалай адам өкпесіне түсіп, зиян келтіретінін виртуалды технология арқылы көрсетіп берді. Мұны Джордж Вашингтон университеті жанындағы аурухананың ресми сайты хабарлады, деп жазады massaget.kz.


Университет мамандарының айтуынша, коронавирусқа шалдығуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға 50 жастағы науқас келіп түскен екен. Басында аурудың белгілері еш байқалмаған. Бірақ бірнеше күн өткеннен кейін науқас адамның жағдайы қиындап, өкпесіне вирус тарап кеткені белгілі болады.
Коронавирустың бастапқы белгілері әлсін-әлсін білінеді. Байқалмауы да мүмкін. Бірақ кейін ауру тез асқынып, өкпеге күш салады. Егер өкпенің қабынуы жақын арада басылмаса, өкпеге беріш түсіріп, ауыр зақым келтіреді. Содан адамның тыныс алуы да қиындайды, – дейді Джордж Вашингтон университетінің омырау хирургиясы бөлімінің жетекшісі Кит Мортман.

Ал науқастың өкпесіне жайылған вирустың сұлбасын визуалды технология арқылы көрсетіп, вирустың қаншалықты тез таралатынын бейнелеген. Кадрда COVID-19 вирусы 19 жасыл түспен белгіленген.
Видеода вирустың өкпеге қалай тарағаны анық көрінеді. Өйткені өкпенің сау және ауру жасушасы бөлек-бөлек көрсетілген, – дейді дәрігер.



Дәрігердің айтуынша, COVID-19 инфекциясына шалдыққан науқастардың 20 %-ға жуығы қатты ауырады, өкпесі қабынуға душар болады. Мұндай науқастарды қолмен тыныс алдыруға тура келеді. Вирустың ересек, қария адамдармен қатар жастарға да қауіпі зор. Өйткені АҚШ-та ауруханаға түсіп жатқанның көбі – жастар. Ауру жұқтырып, алайда симпоматикалары білінбеген азаматтардың өзі індет жаюшы ошаққа айналуы мүмкін. Өйткені вирус өте жұқпалы.
Бұл бүкіл адамзатты жайлаған ғаламдық індет. Оған бейқам қарауға болмайды, – дейді Кит Мортман.

Өзгелердің жаңалығы