Коронавирус. Қазақстанда 559 адамның жағдайы ауыр

6 Қараша 2021, 10:20
775
Бөлісу:
Коронавирус. Қазақстанда 559 адамның жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі республикамызда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат жариялады.

6 қарашадағы мәлімет бойынша 41 424 адам коронавирус инфекциясынан (35 997 КВИ+ және 5 427 КВИ-) емделіп жатыр.


7 411 пациент стационарда, 34 013 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, - делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 559 адамның жағдайы ауыр,

- 155 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бұған дейін елімізде бір күнде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 328 жағдай тіркелгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы