Коронавирус қандай жағдайда организмді зақымдамауы мүмкін?

18 Қыркүйек 2021, 19:41
9529
Бөлісу:
Коронавирус қандай жағдайда организмді зақымдамауы мүмкін?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус грипп жұқтырған адамның организмін зақымдай алмайды. Бұл туралы коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттермен жұмыс істейтін Н.А. Семашко атындағы клиникалық аурухананың жетекшісі, кардиолог Заур Шугушев айтты деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Оның айтуынша, егер риноваирус өкпені бірінші зақымдаса, коронавирус оның тіні арқылы өте алмайды.

Осы орайда, екі вирустың да бір уақытта жұғуы мүмкіндігін ескертеді. Алайда ондай жағдай өте сирек орын алатын көрінеді.

Егер екі вирус бірдей жұққан болса, онда екі аурудың ағымы өте ауыр өтеді, адамдар сол үшін қатты ауырады, - деп атап өтті дәрігер.

Дәрігерлер COVID-19 грипті ығыстырып шығара алмайды деп отыр. Пандемия уақытында гриптің таралуы да бірнеше рет шарықтау шегіне жеткен.

Ол аурушаңдық құрылымында өз орнын иеленіп алғандықтан, солай жалғаса береді дейді мамандар.

Өзгелердің жаңалығы