Коронавирус: Қазақстан АҚШ, Канада, Австрия, Италиядан асып кетіпті...

19 Маусым 2020, 09:40
9313
Бөлісу:
Коронавирус: Қазақстан АҚШ, Канада, Австрия, Италиядан асып кетіпті...

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 1 КВИ жағдайына 78 тесттен келеді. Бұл - Ресей, АҚШ, Канада, Австрия, Италиядағы тестілеу деңгейінен жоғары. Онлайн Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева осылай деді.

Қазақстанда коронавируспен ауырған 23 960 науқас тіркелген. Оның ішінде 16 351 симптоммен, ал 7 609-ы - симптомсыз. 13 716 науқас емін жалғастырып жатыр, 10 139 науқас жазылып шықты, 105 науқас қайтыс болды. Бүгінгі күн тестілеу қуаты тәулігіне 28 мыңға дейін жеткізілді. Барлық КВИ-ге 1 млн 270 475 адам жүгінді. Қазақстанда 1 КВИ жағдайына 78 тесттен келеді. Бұл - Ресей, АҚШ, Канада, Австрия, Италиядағы тестілеу деңгейінен жоғары. 100 мың тұрғынға шаққанда 6 824 тестті құрайды, - дейді Ләззат Ақтаева.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тестілеу профилактикалық бағытта және эпидемологиялық қадағалау шеңберінде жүргізіледі.

COVID-19 тестілеу бойынша 56 зертхана жұмыс істейді. Енді бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысының айқындалған тестілеуге жататын халықты қамтуды қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен қуаты тәулігіне 30 мың тестке дейін, ал мемлекеттік мекемелер және жеке сектор зертханалары есебінен жалпы ел бойынша тәулігіне 35 мыңға дейін арттыру жоспарланып отыр. Соңғы аптада республикада 5 485 жағдай тіркелді. Көрсеткіш өткен аптамен салыстырғанда 1,9 есеге өскен, - дейді министрдің міндетін атқарушы.

Өзгелердің жаңалығы