Коронавирус: Италия Еуропада вирус жұқтырғандар санынан алда тұр

23 Ақпан 2020, 17:31
1539
Бөлісу:
Коронавирус: Италия Еуропада вирус жұқтырғандар санынан алда тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда коронавирусты жұқтырғандар саны 79 адамға жетті. Соңғы екі күнде науқастар саны күрт өскен. 

Қауіпті індет Италияның бес өңірінде анықталған. Елдің солтүстігіндегі Ломбардия қаласында 54 адам ауру жұқтырған. Бұл туралы РИА Новости сайтында хабарланды. 

Тағы 17 жағдай Ломбардиямен шекаралас Венето облысында, екі жағдай - Эмилии-Романьеде, тағы екеуі Рим маңайындағы Лациода (мұнда қытайлық туристер) және тағы біреуі Пьемонтте, - деді Азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Борелли министрлер кеңесінің шұғыл отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, 51 адам ауруханаға түскен, оның 18-і интенсивті терапия бөлімінде жатыр, тағы 11 адам - өз үйінде оқшауланған, олардан коронавирустың жаңа түрінің симптомдары анықталмаған. 

21 ақпанда, жұмада Италияның Падуя қаласында COVID-19 вирусынан бір адам қайтыс болды. Жергілікті ауруханада 78 жастағы ер адам қайтыс болған, оның тыныс алуы тарылған. Ол ақпанның басында Қытайдан келген досымен тамақ ішкені анықталды. 

Сенбіде, Ломбардия облысының Кодоньо қаласындағы ауруханада пневмониядан жергілікті тұрғын 77 жастағы әйел қайтыс болғаны белгілі болды. 

Euronews мәліметінше, 15 мың тұрғыны бара қалашықта тұрғындарға сыртқа шықпауға, балаларды мектепке жібермеу және шіркеуге бармау ұсынылған. 

Айта кетейік, Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 75 936 адамға жеткен, оның 2442-і қайтыс болған. 22 888 адамның денсаулығы жақсарып, ауруханадан шыққан.

Өзгелердің жаңалығы