Коронавирус инфекциясы кезінде КТ тапсыру керек пе?

10 Шілде 2020, 17:47
1476
Бөлісу:
Коронавирус инфекциясы кезінде КТ тапсыру керек пе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Пневмонияның алдын алу және емдеу бойынша пульмонологтардың ұсыныстары" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында жоғары санатты пульмонолог, "Астана медицина университеті" ҰАК Жанұялық медицина кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Наталья Латыпова айтты.

Коронавирус инфекциясы кезінде адамдар компьютерлік томография (КТ) тапсыруы керек пе деген сауалға келер болсам, вирусты қабынудың диагностикасын анықтауда зерттеудің бұл әдісі науқастардың барлығына бірдей керек емес. Себебі, егер бірінші кезең симптомдардың регрессиялануымен өтетін болса, респираторлық кезеңде қауіпті белгілер (мысалы, ентігу) болмаса, онда өкпенің жағдайын рентгенография немесе компьютерлік томографияның көмегімен зерттеу қажеттілік тудырмайды. КТ-ны тек қауіпті белгілер 7-10 күннен аса мерзімде сақталса ғана тапсыруға болады, - деді Латыпова.

БАҚ қызметкерлерінен келіп түскен сауалдарға жауап бере отырып, дәрігер пневмонияның өршуі масканы қалай тағуға байланысты емес екенін айтты.

Әрине, маскалардың өзіндік жарамдылық мерзімі, ауыстыру уақыты бар. Алайда, елімізде пневмония дертінің өршуін маскамен байланыстыру қиын. Себебі, бұл нақты тексерілмеген, әрбір пациенттің мерзімдік критерийлері де әрқалай, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы