Коронавирус індетінен тағы 3 науқас көз жұмды

26 Маусым 2020, 22:26
1371
Бөлісу:
Коронавирус індетінен тағы 3 науқас көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде коронавирус індетімен ауырып жатқан 3 науқас көз жұмды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысы - 1955 жылы дүниеге келген әйел адам және 1969 жылы туған ер азамат, Шығыс Қазақстан облысы - 1959 жылы туған ер азамат.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 150 адам қайтыс болды.

Нұр-Сұлтан қаласы – 45
Алматы қаласы – 26
Шымкент қаласы – 13
Ақмола облысы – 13
Ақтөбе облысы – 1
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 2
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қарағанды облысы – 10
Қостанай облысы – 3
Қызылорда облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 13
Солтүстік Қазақстан облысы – 2
Түркістан облысы – 8
Өзгелердің жаңалығы