Бас жаңалықтар
Коронавирус: ІІМ әуежай мен темір жол вокзалдарында тексерісті күшейтті
28 Шілде 2021, 04:35 1200

Коронавирус: ІІМ әуежай мен темір жол вокзалдарында тексерісті күшейтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі жалған ПТР-анықтамасы мен вакцина төлқұжатын (паспорт) анықтау бойынша жұмысты күшейтті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Осыған дейін Президент бұл саладағы жұмысты күшейтуді тапсырған.

Жыл басынан бері ІІМ жалған ПТР-тесті бойынша 45 қылмыстық іс, вакцина төлқұжатын пайдалану және сату бойынша 35 қылмыстық іс қозғаған.

Ішкі істер министрлігі елдегі әуежайлар мен темір жол вокзалдарында тұрғындардың коронавирусты жұқтыру-жұқтырмау мәртебесін «Ashyq» қосымшасы арқылы тексеру, жалған ПТР-тестін және вакцина төлқұжатының шынайылығын тексеруді күшейтті.

Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекеевтің айтуынша, Алматыдағы халықаралық әуежайда көлік полицейлері әуежай қызметкерлерімен бірлесіп, жалған ПТР-анықтамасын бейтаныс адамнан сатып алған жігіт пен қызды анықтады. Олар Түркияда демалуды жоспарлаған.
Сондай-ақ жалған ПТР-тест анықтамасын пайдаланған Шымкент тұрғыны ұсталды. Ол Беларуське ұшпақ болған. Ұсталған адамдар ұшаққа жіберілген жоқ. Бұл фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 385-бабы 3-бөлігі бойынша («Жалған құжатты пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деді Оңал Бекеев.
Айта кетейік, ІІМ жалған құжат жасағандар 4 жылға дейнгі бас бостандығынан айырылатынын, оны пайдаланғандар 40 тәулікке қамауға алынатынын ескертеді.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...