Коронавирус: Емделіп жатқан 1677 адамның жағдайы ауыр

31 Шілде 2021, 08:59
1173
Бөлісу:
Коронавирус: Емделіп жатқан 1677 адамның жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 31 шілдедегі мәлімет бойынша, 95 998 адам коронавирус инфекциясынан (–93 366 + және 2 632 КВИ-) емделіп жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында жазылды.

Емделіп жатқандардың ішінде 27 004 пациент стационарда, 68 994 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

–      1 677 адамның жағдайы ауыр.

–      349 пациенттің жағдайы өте ауыр.

–      334 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.


Өзгелердің жаңалығы