Коронавирус. Елордада 6 адам емделіп шықты

5 Сәуір 2020, 19:53
1082
Бөлісу:
Коронавирус. Елордада 6 адам емделіп шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында 6 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміз бойынша ресми ақпарат көзі хабарлады.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 42-ге жетті.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 115 адам, Қарағанды облысында - 31 адам, Ақмола облысында - 23 адам, Атырау облысы - 23 адам, Жамбыл облысында - 28 адам, Шымкент қаласында - 13 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 5 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 10 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 31 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 29 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 569 науқас тіркелді.

Еліміз бойынша коронавирус індетін жұқтырғандар - 569 адам, қайтыс болғандар 6 адам және жазылып шыққандар 42 адамға жетті.

Өзгелердің жаңалығы