Коронавирус: Қарағандыда 2, Алматыда 3 науқас тіркелді

20 Наурыз 2020, 09:02
1931
Бөлісу:
Коронавирус: Қарағандыда 2,  Алматыда 3 науқас тіркелді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы 20 наурыздағы 08.30 сағаттағы жағдай коронавирус жұқтырғандар саны 49 адамға жеткені белгілі болды.

Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.⠀

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Оның 2-еуі Қарағандыдан, 3-еуі Алматы қаласынан анықталды. Осы сағатта Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, Қарағанды қаласында -  2 адам,  жалпы 49 науқас тіркелді, - делінген ведомство хабарламасында.
Қарағандыда коронавирус жұқтырған 2 адам 1972 және 1971 жылы туған Қазақстан азаматтары.  Екеуі де 0324 рейсімен Минск-Қарағанды  ұшағымен ұшып келген. Сол сияқты Алматы қаласы бойынша 3 адам тіркелді. Оның біріншісі Берлин қаласынан ұшып келген 1979 жылғы әйел адам. Екінші азамат 1997 жылы туылған ер адам, Франциядан ұшып келді. Сондай-ақ үшінші науқас 1982 жылғы әйел адам. Қазір  барлығының денсаулықтары жақсы.


Өзгелердің жаңалығы