Коронавирус: Дәрігерлерге арналған жыр челенджі басталды

24 Наурыз 2020, 10:28
2376
Бөлісу:
Коронавирус: Дәрігерлерге арналған жыр челенджі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ауыл" халықтық – демократиялық  патриоттық партиясының белсенді мүшелері ерекше челендж бастады. Белгілі ақындар мен ел көлеміндегі шығармашыл тұлғалармен бірлесіп басталған ерекше бастама еліміздегі коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге арналады.


Партияның әлеуметтік желідегі парақшасында "Ақ қанатты періштедей ақ халатты абзал жандар" атты жыр челенжі еліміздің барлық өңірін қамтиды.
Елге танымал ақындар бұл челендж арқылы бүгіндері коронавирус індетіне шалдыққан жандардың дертіне дауа іздеп, күн демей, түн демей тынымсыз еңбектеніп жүрген дәрігерлер мен медбикелерге қолдау көрсетіп, жырларын арнамақ. "Ауылдық" ақындар ел басына күн туған сәтте алапат сынақтың алғы шебінде жүрген антына берік, кәсібіне адал ақ халатты абзал жандардың жанкешті тірліктерін өлең жырларына арқау етіп, өрнекті сөздерімен олардың жандарына қуат, көңілдеріне медеу беруді мақсат етеді – дейді партия өкілдері. 

Челенжді  "Ауыл" партиясы Нұр-Сұлтан  қалалық филиалының белсендісі елімізге танымал ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы бастады. 

Ол өз тарапынан еліміздегі ақындарды "Ауыл" партиясы бастаған "Ақ қанатты періштедей ақ халатты абзал жандар"  челенжіне қатысып, дәрігерлер қауымына өлең-жыр, өрнекті сөзбен қолдау көрсетуге шақырды.


Өзгелердің жаңалығы