Коронавирус: БҚО бас санитары қаулыға өзгеріс енгізді

6 Сәуір 2021, 20:04
1565
Бөлісу:
Коронавирус: БҚО бас санитары қаулыға өзгеріс енгізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 наурыздағы №8 «Батыс Қазақстан облысының аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаевтың қаулысына сәйкес келесі өзгерістер енгізілді:

1. Жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық көмек, мемлекеттік медициналық мекемелердің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызмет қызметкерлерінің, жергілікті әскери басқарма органдарының (әскери комиссариат) қызметшілерінің ілесіп жүруімен әскерге шақырылғандар, сонымен қатар халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар мен стратегиялық нысандардың өндірістік процессін қамтамасыз ететін қызметкерлерді қоспағанда, БҚО елді мекендерінің аумағында халықтың қозғалысы сағат 00:00-ден 6:00-ге дейін шектеледі.

Көрсетілген уақытта жүріп-тұру қажет болған жағдайларда: облыс тұрғындарына жеке көліктерімен шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге бару, дәріханалардан дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу мақсатында шығу, сондай-ақ түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдар «109» телефоны бойынша өтінім қалдыруы немесе http/www.STOPCOVID.KZ. сайтына тіркелуі тиіс қажет.

2. Келесі нысандарға рұқсат берілді:

- контингенті 300 оқушыға дейін ауылдық мектептердегі сыныптарда балалар санын 15 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға;

- Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;

- жалпы білім беретін мектептерде аралас форматта мектепалды сыныптардың оқушылары үшін, 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспайтын аралас форматта оқытуға;

- Оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етуді (сыныпта 15 адамнан асырмай, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін сақтау);

- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 1-курс студенттері санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып практикалық және зертханалық сабақтарды қоспағанда қашықтық форматта оқытуға көшіріледі.

3. Сауда үйлері мен орталықтары (жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін, сенбі күні сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін толтырылуы 1 келушіге 4 ш.м. кем емес есебімен объект сыйымдылығының 30%-нан артық емес) жұмыс істейді. Оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды, сұлулық салондарын, химиялық тазартқыштар, гүлдерді сату дүкендерін, фотосалондарды, банктерді (банкоматтарды) қоспағанда. ҚР БМСД №67 талаптарын сақтай отырып жексенбі күндері жұмыстарын тоқтатады.

4. Азық-түлік емес тауарлардың барлық түрін сату бойынша дүкендер жұмыс кестесі сағат 09.00 -ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, ҚР БМСД №67 талаптарын сақтай отырып жексенбі күндері жұмысты тоқтатады.

5. Азық-түлек дүкендері (минимаркеттер, алкомаркеттер, сыра сататын дүкендер) сағат 08.00-ден 23.00-ге дейін (азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек өлшеп оралған түрде жүргізілуі тиіс) аралықта жұмыс істейді.

Қаулы ағымдағы жылдың 9 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Өзгелердің жаңалығы