Коронавирус: Біртанов Зайсандағы шуға қатысты түсініктеме берді

20 Ақпан 2020, 15:07
2120
Бөлісу:
Коронавирус: Біртанов Зайсандағы шуға қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Шығыс Қазақстан облысында Зайсандағы жағдайға байланысты коронавирус жұқтырған Қытай азаматтарының Қазақстан аумағына кіруі туралы фейк ақпараттың таралуына байланысты түсіндірді. 

Өздеріңізге мәлім, өткен түнде белгілі бір толқулар Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында, Сарытерек және Айнабұлақ ауылдарында орын алды. Жергілікті тұрғындар өздерінің ауылдарына Қытай халқын карантинге ұстауға алып келгісі келетіні туралы толық емес әрі жалған ақпарат алған. Бұл – мүлдем мүмкін емес. Өйткені, шекара жолаушылар тасымалы үшін жабық. Адамдар оны тоқтатуды талап етіп көшеге шыққан, - деп мәлімдеді Елжан Біртанов. 

Оның айтуынша, бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы облысында Қазақстан-Қытай шекарасында өтетін адамдар саны аз. 

Негізінен бұл екіжақты трансшекаралық саудамен айналысатын біздің азаматтарымыз - жүк көлігінің жүргізушілері, Қытайға барған және қазір оралғысы келетін алып-сатар саудагерлер. Олар қайтып келгенде біз оларды қауіпсіздендіретін боламыз, - деді министр Елжан Біртанов. 
Сондықтан, біз денсаулық сақтау басқармаларымызға осы азаматтарға, сондай-ақ келісімшарттар бойынша біздің елде жұмыс істейтін Қытай азаматтарына нақты нұсқаулар беруін талап етеміз. Соның ішінде мемлекеттік инвестициялық жобалар да бар. Егер біздің азаматтарымыз немесе басқа шетелдік азаматтар шекарадан өткен жағдайда, инфекциялық корпустан 20 орындық төсек-орын дайын, - деп айтты Денсаулық министрі. 
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде Зайсан ауданының тұрғындары ҚХР азаматтарының шекараны "кесіп өтуі" туралы ақпаратқа алаңдаушылық білдірген видеосы жарияланған болатын.

Сондай-ақ, ШҚО әкімі Зайсанда шыққан шуға қатысты түсініктеме берген еді.

Өзгелердің жаңалығы