Коронавирус: Біртанов Бекшиннің болжамына түсініктеме берді

10 Наурыз 2020, 20:41
15514
Бөлісу:
Коронавирус: Біртанов Бекшиннің болжамына түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус жұқтырғандардың жоқ екендігін айтты.

Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Қытайдан бастау алған коронавирус инфекциясы 115 елге таралып, кең белең алып отыр. Олардың ішінде біздің көрші, шекаралас елдер де бар. Біз олармен тікелей әуе қатынастарын орнатқанбыз. Әлемнен түгелдей оқшаулану мүмкін емес екендігін барлығымыз білеміз, түсінеміз. Еліміздің аумағына инфекцияның енуі мүмкін екенін де жоққа шығармаймыз. Бірақ Үкімет коронавирус инфекциясының елімізге кіріп, таралып кетпеуі үшін барлық қажетті шараларды атқарып жатыр. Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған бірде-бір жағдай анықталмады, - деді Біртанов.
Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшиннің елімізде 1-2 күнде коронавирус инфекциясының анықталып қалады деген бүгінгі болжамы, тек біздің ғалымдардың статистикалық модельдеу әдісінің болжамы ғана екендігін айтты.

Олар еліміздегі жолаушылар ағымы мен әлем бойынша таралып жатқан инфекцияның таралуын бастапқы дерек ретінде алып, болжам жасап отыр. Ескеретін жайт, сыртқы факторлардың әсерінен деректер үнемі өзгеріп отырады. Ланцет журналында осыған ұқсас болжам жасалған. Яғни инфекцияның Қытайдан өзге мегаполистерге таралуын болжаған. Біздің ғалымдардың болжамы жүзеге аспауы да мүмкін. Тағы да ескертіп айтамын, Қазақстанда коронавирус инфекциясы бүгінгі күнге дейін тіркелмеді, - деді еліміздің бас дәрігері. 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бас санитары Жандарбек Бекшин елімізде 11-16 наурызда коронавирус тіркелуі мүмкін деген болжам айтқан болатын.
 

Өзгелердің жаңалығы