Коронавирус: Бірқатар елде антирекордтар тіркелді

4 Тамыз 2021, 23:21
1779
Бөлісу:
Коронавирус: Бірқатар елде антирекордтар тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай билігі COVID-19 таралуы бойынша жағдайдың нашарлауына байланысты шетелге сапар шегуге шектеуді күшейтті. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Атап айтқанда, бірінші кезекті маңызы жоқ сапарлар үшін кіру және шығу құжаттарын беру уақытша тоқтатылады.

Бразилияның ең ірі Сан-Паулу қаласының қоғамдық тамақтану саласы қызметкерлері міндетті түрде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациядан өтуі керек. Сала қызметкерлерінің кәсіподағы және бар, мейрамханалар иелерінің қауымдастығы өзара осындай келісімге келді, – деп хабарлайды Бразилиялық O Globo басылымы.

Бірқатар елде коронавирустың тәулік ішінде таралуы бойынша антирекордтар тіркелді: Иранда 39 357 жағдай, Таиландта 20 200 жағдай, Малайзияда 19 819 жағдай. Сонымен қатар, соңғы тәулікте Токиода 4 166 тұрғын коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы