Коронавирус. Бір сәтте 40-тан астам адам тіркелді

28 Наурыз 2020, 10:08
3189
Бөлісу:
Коронавирус. Бір сәтте 40-тан астам адам тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 наурыз сағат 10:00 жағдай бойынша , коронавирус індетін жұқтырған тағы 41 адам тіркелді. Бұл туралы коронавирустың еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.

Дәл қазіргі жағдайда Нұр-Сұлтан қаласында - 32 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы қаласында - 2 адам, Ақмола облысында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Атырау облысында -1 адам тіркелді. 

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 107 адам, Алматы қаласында – 57 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 4 адам, Ақмола облысында - 5 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 2 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам.

Еліміздегі жалпы науқас саны 191-ге жетті.

Бұған дейін 3 адам жазылып шығып, 1 адам қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы