Бас жаңалықтар
Коронавирус. Баян-Өлгийде 12 адам ауырып жатыр
16 Мамыр 2021, 20:40 549

Коронавирус. Баян-Өлгийде 12 адам ауырып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Моңғолиядағы қазақтар көп шоғырланған Баян-Өлгий аймағында коронавирус індетін жұқтырғандар саны 12 адамға жетті.

Моңғолия коронавирус індетімен күресуде айтарлықтай табандылық танытқан болатын. Дегенмен, қатерлі індет қазіргі таңда елдің барлық аймағына таралды.

Бүгінгі таңда Моңғолияда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 48 мыңнан асты. Бір тәулікте індет жұқтырғандар саны – 541 адам болса, індеттен жазылып шыққандар саны бір тәулікте – 1306 адам болды. Коронавирус індеті таралғалы бері елде 207 адам қайтыс болған.

Елдегі вакцина егілген тұрғындардың саны 2,4 млн-нан асқан. Моңғолияда адам саны ресми 3,3 млн-нан астам.

Баян-Өлгий аймағында 14 мамырдан бастап таңғы 8 бен кешкі 20:00 сағат аралығында дәмхана, мейрамханалар жұмыс істей бастады. Сонымен қатар, Баян-Өлгий аймағы териториясындағы Ресей мен Моңғолия арасындағы «Қызыл үй» кеден бекеті айына екі рет тек тауар өткізуге ғана ашылатыны айтылды.

Баян-Өлгий аймағында 38883 адам вакцинаның 1-екпесін алса, 5006 адам 2-екпесін алған. Аймақ бойынша 18 жастан асқан 70 мың адам вакцина салдырады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...