Коронавирус. Баталовты астанаға жеткізді

8 Шілде 2020, 13:12
1074
Бөлісу:
Коронавирус. Баталовты астанаға жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус жұқтырып алған Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты елордадағы кардиологиялық орталыққа әкелді. Бұл туралы онлайн-брифингте Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов айтты.

Өздеріңіз білесіздер, Амандық ағада коронавирус індеті үш апта бұрын анықталған. Ол емдеу курсынан өтті. Бірақ ентігуі басталып әрі жүрек жетіспеушілігінен  дәрігерлер Нұр-Сұлтан қаласындағы кардиологиялық ауруханаға жеткізу туралы шешім қабылдады, - дейді Батыржан Байжұманов.

Ол қазір Алматы облысы әкімінің жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты.

Амандық Ғаббасұлы қазіргі кезде қажетті ем-домдарын алып жатыр. Жағдайы біраз жақсарып қалды. Өздеріңіз білесіздер, өзі үнемі спортпен айналысады, денсаулығы өте мықты. Сондықтан жақын арада жазылып шығып, жұмысына кіріседі деп үміттенеміз, - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 22 маусымда коронавирус жұқтырған болатын. Бастапқыда вирустың симптомсыз түрі анықталған.

Өзгелердің жаңалығы