Коронавирус. "Қазмедиа" қатаң режимге өтті

21 Мамыр 2020, 21:09
1721
Бөлісу:
Коронавирус. "Қазмедиа" қатаң режимге өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Евразия + ОРТ" ЖШС қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайына қатысты пікір білдірді.

Шынында да арна басшылығының бастамасымен жүргізген тест нәтижесінде екі адамның вирус жұқтырғаны расталды. Қазіргі уақытта "Қазмедиа орталығы" ғимаратының жұмысы (соның ішінде "Евразия + ОРТ" ЖШС отыратын орын да) эпедемияға қарсы қатаң режимге көшірілді. Вирус жұқтырған азаматтармен жақын қарым-қатынаста болғандар анықталып, 14 күндік үй карантиніне жабылады. Ғимаратта жұмыс істейтін азаматтардың бәрі де кезең-кезеңмен коронавирусты анықтайтын тестілеуден өтеді, - деп жазды Аида Балаева facebook парақшасында. 

Министр кейінгі кезде қазақстандықтар жаппай COVID-19 бойынша тестілеуден өтіп жатқанын жеткізді. Сол себепті науқастар саны бойынша ресми статистика көрсеткіші өскен. 

Өзіңіз бен туғандарыңызға қауіп төндірмеу үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бәрін сақтауға шақырамын, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Қазмедиа" орталығының қызметкерлерінен коронавирус анықталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы