Коронавирус: Қазақстандық ғалымдар вакцина туралы айтып берді

9 Сәуір 2020, 12:35
2626
Бөлісу:
Коронавирус: Қазақстандық ғалымдар вакцина туралы айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлеуге кірісті, деп хабарлады coronavirus2020.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, қазіргі уақытта бірнеше мемлекет 54 кандидат вакцина әзірлеуде. Олардың ішінен клиникалық сынақтар кезеңіне әзірге екеуі ғана өтті.
Институтта барлығы 4 кандидаттық вакцина әзірлеуді жоспарлап отыр. Оның ішінде 2-і векторлық және вирустың S-ақуызының фрагменттері негізінде 2-і суббірліктік. Клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан кейін олардың ішінен ең тиімді және қауіпсізі таңдалып алынады. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары биологиялық қауіпсіздігі 3-деңгейлі BSL-3 зертханаларында нақты SARS-CoV-2 коронавирус штаммдарымен жұмыс атқаруда, - делінген ақпаратта. 

Вакцинаны әзірлеу тәулік бойы жүргізілуде. 
Институт - Қазақстан Республикасындағы медициналық иммунобиологиялық препараттарды дайындау, сынау және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде тіркеудің отандық технологияларын әзірлеу жөніндегі міндеттерді шешетін жалғыз мемлекеттік ұйым. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ДДСҰ денсаулық сақтау саласына арналған аса қауіпті инфекцияларға қарсы вакциналарды әзірлеу жөнінде шарт жасасқан, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы