Коронавирус: Қайтыс болған кісі Ақмола облысының тұрғыны

26 Наурыз 2020, 22:50
1755
Бөлісу:
Коронавирус: Қайтыс болған кісі Ақмола облысының тұрғыны

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін  қарқынды терапияға қарамастан, Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны ауруханада қайтыс болды.

Науқастың өліміне екіжақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі, қант диабеті, гипертония және атеросклероз фонындағы сепсис әсер еткен, – деп жазады coronavirus2020.kz

Тұрғылықты жеріне байланысты Ақмола облысы тұрғыны саналатын бұл науқас Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан көпсалалы облыстық ауруханада емделген. Географиялық тұрғыда жағдай Нұр-Сұлтан қаласында болғандықтан оқиға осы аймақта тіркелді.

Оқиғаға байланысты қосымша түсіндірме жұмыстары ертеңгі брифингте беріледі.
Өзгелердің жаңалығы