Коронавирус: Арменияда карантин тағы да ұзартылды

12 Тамыз 2020, 17:17
1265
Бөлісу:
Коронавирус: Арменияда карантин тағы да ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арменияда 16 наурыздан енгізілген төтенше жағдай режимі 11 қыркүйекке дейін ұзартылды деп хабарлайды Reuters.

Дереккөз мәліметінше, елдің Премьер-министрі Никол Пашинян Үкімет отырысында Арменияның COVID-19 дағдарысын жеңуге мүмкіндігі бар екенін, бірақ халық масқа тағып, барлық қауіпсіздік шарасын әлі де ұстануы керегін айтты.

Соңғы түзетулерге сәйкес, шетелдіктердің Арменияға кіруіне тыйым салуды алып тастау жоспарланған, бірақ келгендердің барлығы 14 күн ішінде оқшаулануы керек. Сонымен қатар, отбасылық іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі, бірақ қатысушылар саны 40 адамнан аспауы керек. Мектептерде оқу жылы 15 қыркүйектен басталады. Жоғары оқу орындарының жұмысын қайта бастау туралы шешім кейінірек қабылданады, - деп жазды агенттік.

Дереккөздің мәліметінше, төтенше жағдайға қарамастан Армения экономикасының барлық дерлік секторлы мамыр айында экономикалық қызметті қалпына келтіргеннен кейін жұмыс істейді.


Өзгелердің жаңалығы