Коронавирус: Алматыда қабылдау бөлімшесі ашылды

28 Қаңтар 2020, 14:47
1441
Бөлісу:
Коронавирус: Алматыда қабылдау бөлімшесі ашылды
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қалалық инфекциялық ауруханада 20 орынды бөлімше әзірленді, №1 қалалық клиникалық емханада 200 орын және қалалық балалар ауруханасынада тағы 20 орынды бөлімше әзірленді. Яғни Алматы бойынша 240 орынды бөлім инфекция жұқтырғандарды қабылдауға дайын. 

Бұл туралы Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Әсел Бисенбаева брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, Алматы коронавирусқа қарсы тұру шараларын күшейткен. Медицина мамандары әзірлік үстінде және оқыту семинарлары жүргізілуде екен. 

Қаланың барлық стационар бөлімшелерінде оқыту-жаттығулары жүргізіледі. Қалада антибиотик, бактерия және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер жеткілікті. Науқастарды тасуға арналған арнайы капсула, жедел жәрдем көліктері де баршылық. Қалалық инфекциялық ауруханада 20 орынды бөлімше әзірленді, №1 қалалық клиникалық емханада 200 орын және қалалық балалар ауруханасынада тағы 20 орынды бөлімше әзірленді, яғни Алматы бойынша 240 орынды бөлім инфекция жұқтырғандарды қабылдауға дайын. Егер қажеттілік туындап жатса тағы қосымша орындар бөлінеді,-деді ол. 

Сонымен қатар, ол қадағалау мекемелерімен бірлесіп тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатқандарын айта келе, әр апта сайын өңірлік штабтың жиыны өтіп тұратынын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы