Бас жаңалықтар
Коронавирус. Әлемдегі жағдай
11 Қазан 2021, 23:08 34769

Коронавирус. Әлемдегі жағдай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа Зеландияда медицина қызметкерлері үшін COVID-19 вирусына қарсы вакцинация алу міндеттелді. Елдің Премьер-министрі Джакинда Ардерн Жаңа Зеландияда коронавирустық пандемияның ең қиын сәттерін өткеріп жатқанын айтты. 

Елде халықтың шамамен 57% - ы вирусқа қарсы толық егілді.

Украинада вакцинацияланбаған адамдарға көлікті пайдалануға тыйым салынды. Бұл қоғамдық облысаралық тасымалдарға қатысты. Сондай-ақ, сапарлар үшін 72 сағатқа дейін жасалған теріс ПТР тестін қолдануға болады.

Таиланд 1 қарашадан бастап кейбір елдерден коронавирусқа қарсы вакцинацияланған адамдар үшін карантинді алып тастайды. Толығымен екпе алған саяхатшыларға карантин қажет емес, дегенмен олар ПТР сынақтарын тапсыруы керек.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...