Коронавирус. Әлемде вирус жұқтырғандар саны 66 млн-нан асты

5 Желтоқсан 2020, 12:39
1268
Бөлісу:
Коронавирус. Әлемде вирус жұқтырғандар саны 66 млн-нан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы екі күнде әлем бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 1,5 миллионға өсті. Бұл туралы korrespondent.net порталы жазды.

Жердің 66 миллионнан астам тұрғыны коронавирус жұқтырды, ал екі күн бұрын бұл көрсеткіш 65 миллионға жақындаған болатын. Бұған Worldometers статистикалық порталының мәліметтері дәлел. 

Сонымен, 5 желтоқсан таңертеңгі мәлімет бойынша әлемде 66 228 295 COVID-19 жағдайы расталды, оның ішінде 46 миллионға жуық науқас сауығып, 1,52 миллион адам инфекциядан туындаған аурудың асқынуынан қайтыс болды. Соңғы тәулікте 684,5 мың жаңа жұқтырғандар анықталды.

АҚШ ауру мен өлім-жітім бойынша, сондай-ақ жүргізілген сынақтар саны бойынша көшбасшы болып тұр. Елде 14,8 миллион азамат жұқтырды, олардың 8,7 миллионы ауруды жеңіп, 285,5 мыңы қайтыс болды.

Екінші орында Үндістан, 9,6 миллион жағдай тіркелген. Ал үшінші орында 6,5 миллион жағдаймен Бразилия. www.worldometers.info статистикасы бойынша Қазақстан 56-орында тұр.

Еске сала кетейік, елімізде өткен тәулікте 792 адам вирус жұқтырған.

Өзгелердің жаңалығы