Коронавирусқа шалдыққан семейліктердің жағдайлары жақсарды

6 Сәуір 2020, 23:44
1298
Бөлісу:
Коронавирусқа шалдыққан семейліктердің жағдайлары жақсарды

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мысыр елінде демалыста болып, коронавирустық инфекция жұқтырған семейлік екі тұрғынның жағдайлары жақсара түсті.

Бұл туралы бүгін Шығыс Қазақстан өңірінде коронавирус инфекциясы бойынша тіркелген алты науқастың жағдайына тоқталған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан хабарлады.

Өздеріңізге белгілі 28 наурыздан бері инфекциялық стационарда жатқан Семей қаласының 1959 жылғы тұрғынының қазіргі жағдайы туралы айтқым келеді. 28 наурыздан бері оның жағдайы ауырлап, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған болатын. Қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында науқастың беті бері қарап, бүгін ол жасанды дем алдыру аппаратынан ажыратылды. Дәл қазір ол өз күшімен дем алып жатыр. Сонымен қатар онымен бірге болған екіжақты пневмония және коронавирустық инфекциясы бар әйелінің жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Ол адамдармен жақын қарым-қатынаста болған азаматтардың барлықтарының анализдері теріс, - деді басқарма басшысы өз сөзінде.

Жауапты тұлғаның айтуынша, қалған төрт науқастың жағдайлары орташа ауырлықта көрінеді. Қазіргі уақытта облыстағы ауруханаларда ем алып жатқан науастарға барлық жағдайлардың жасалғанын алға тартқан ол, алаңдауға негіз жоқ екенін тағы бір ескертті.

Өзгелердің жаңалығы