Коронавирусқа шалдыққан науқас дертке немқұрайлы қарамауға шақырды

21 Мамыр 2020, 14:29
1198
Бөлісу:
Коронавирусқа шалдыққан науқас дертке немқұрайлы қарамауға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бәділдә Әбдіхан есімді науқастың бейне-мәлімдемесі Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

Коронавирусқа шалдыққан Түркістан облысының Бәділдә Әбдіхан есімді тұрғыны қазақстандықтарды бұл дертке немқұрайлы қарамауға шақырды. 
Мен бұл вирусты қай жерден жұқтырып алғанымды білмеймін. Балама да жұқтырдым. Мұқият болыңыздар. Ауру жоқ деген қауесетке сенбеңіздер. Себепсіз үйден шықпауға тырысып,  маска, қолғап сынды қорғаныш заттарын үнемі пайдаланыңыздар, балаларды қорғаңыздар, - дейді ол.
Науқастың ауруханада тиісті ем-дом қабылдап жатқанына 4 күндей болған. 
Дәрігерлердің тынымсыз еңбегінің арқасында төртінші күн дегенде жағдайым сәл де болса жақсарды. Төрт күн бойы бас көтере алмаған едім. Сондықтан, маскасыз алаңсыз жүрген жұртқа айтарым, сақтық шараларын сақтаңыздар, - дейді Бәділдә Әбдіхан.

Өзгелердің жаңалығы