Коронавируспен күрес. Үкіметке 5 күн мұрсат берілді

10 Шілде 2020, 13:49
1654
Бөлісу:
Коронавируспен күрес. Үкіметке 5 күн мұрсат берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында айтты, деп жазады Ақорданың Тwitter-дегі ресми парақшасы.

Стандартты процедуралық тәртіп тыныш уақытқа арналған. Қазір біз соғыс жағдайында тұрмыз. Сондықтан әрбір басшыдан жедел мәселелер мен тапсырмаларды шешуде барынша тиімділік талап етіледі. Жауапкершіліктен қашып, бюрократиямен айналысудың қажеті жоқ. Үкіметтен 5 күндік мерзім ішінде пандемиямен және оның салдарымен күресу бағытында жедел шешімдер қабылдаудың құқықтық алгоритмін дайындауды сұраймын. Мұндай шешімдер бір тәулік ішінде, ең көбі - екі мерзімде қабылдануға және іске асырылуға тиіс.

Қазақстан президенті ағымдағы сәттің шынайылығы құқық қорғау органдарынан да нақты шешімдер мен іс-әрекеттерді талап ететінін айтты.

Мұндай қиын кезеңде бюджетке, экономикаға және азаматтардың қауіпсіздігіне нақты зиян келтіретін бұзушылықтарға назар аударған жөн. Заң бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс қажет, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы