Бас жаңалықтар
Коронавирус: 2744 науқас көз жұмды
27 Ақпан 2020, 11:05 125

Коронавирус: 2744 науқас көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда коронавирустың жаңа типіне шалдыққандар саны 78497 адамға жетіп, қайтыс болғандар саны 2744 адамды құрады.

Бұл туралы 27 ақпанда ҚХР денсаулық сақтау мәселелеріне жауапты мемлекеттік комитет хабарлады.

Соңғы деректерге сүйенсек, ауруханадан жазылып шыққандар саны - 32495.

Бір тәулікте 29 адам қайтыс болды, 433 адам вирус жұқтырды және 2750 адам жазылып шықты.

Жақында ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Қытайда ауруға шалдыққандар саны төмендейді деп мәлімдеген болатын. Соңғы кезде COVID-19 эпидемиясы өзінің ең шекті деңгейіне жетіп, ауырғандар саны азая бастағаны байқалады.

Өткен тәулікте әлем елдерінде коронавирустан қайтыс болғандар саны Қытайдағы көрсеткіштен асып түсті.

Еуропа елдері арасында COVID-19 вирусын жұқтырған саны жағынан Италия алдыңғы орында тұр. Онда 400 адамның ауруға шалдыққаны анықталды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...