Коронавирус: Қазақстанда 25 мыңға жуық науқас емделіп жатыр

12 Тамыз 2020, 09:16
987
Бөлісу:
Коронавирус: Қазақстанда 25 мыңға жуық науқас емделіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ баспасөз қызметі 2020 жылғы 12 тамыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты таратты.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 24 865 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 102 өскіншек бала бар. Стационарларда 4 421 науқас жатыр. 20 444 адам амбулаториялық жағдайда емделуде, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ДСМ мәліметінше, жалпы науқастардың арасында 419 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 101 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 94 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 22 науқас қайтыс болды.

Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмоствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады.

Өзгелердің жаңалығы