Коронавирус: 2 жасар қыздың анасы да вирус жұқтырды

18 Наурыз 2020, 14:02
1079
Бөлісу:
Коронавирус: 2 жасар қыздың анасы да вирус жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда коронавирус жұқтырған 2 жасар қыздың анасы да жұқпалы дертке шалдықты.

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, 18 наурыздағы жағдай бойынша Алматыда 17 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. 

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 14 пациент жатыр, балалар жұқпалы аурулар ауруханасында екі бала және балалардың аналарының бірі жатыр.

Айта кетейік, Алматы қаласында коронавирус жұқтырған – 17 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы Қазақстан бойынша 35 науқас тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы