Коронавирус: 1500-ден астам адам қайтыс болды

15 Ақпан 2020, 08:50
1395
Бөлісу:
Коронавирус: 1500-ден астам адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда коронавирустың құрбандарының саны 1523-ке жетіп, 66 492 адам жұқтырды. Бұл туралы 15 ақпанда ҚХР гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.


 Сонымен бірге, коронавирусты емдеген адамдардың саны 8096 адамды құрады.
 
Мемлекеттік денсаулық сақтау комитетіне 31 провинциядан (аудандардан, орталық бағыныстағы қалалардан) 66 492 адамның вирус жұқтырғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оның ішінде 56 873 адам қазір ауырып жатыр (1153 адам ауыр халде) , 8096 адам ауруханалардан шығарылды, 1523 адам қайтыс болды, – делінген сенбі күнгі хабарламада.
 
Өткен тәулік ішінде Қытайда 143 адам қайтыс болып, 2,6 мың жаңа ауру анықталды.
 
Сонымен қатар, Гонконгта инфекцияның 56 жағдайы анықталды (олардың біреуі қайтыс болды), Макаода он адам, Тайваньда 18 адам жұқтырды.
 
Қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауымен науқастармен тығыз байланыста болған 169 мыңнан астам адам бар.
Өзгелердің жаңалығы