Бас жаңалықтар
Коронавирус: Өзбекстанда 11 жастағы бала қаза болды
19 Қыркүйек 2020, 23:14 249

Коронавирус: Өзбекстанда 11 жастағы бала қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан Республикасының ташкент облысында 11 жастағы бала коронавирустан көз жұмды. 17 қыркүйек күні қаза болған бала осы елдегі коронавирустан өлгендердің ең жасы кішісі.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі баланың мұрнынан қан тоқтамай, дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп, 5 қыркүйек күні ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Арнайы тексеру бала өкпесінің 50 пайызы жарамсыз болып қалғанын анықтап, дәрігерлер оған коронавирус диагнозын қойған болатын. Бұл диагноз баланың ПТР тестінен де анықталды.

Қазіргі жағдай бойынша Өзбекстанда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 415 адамға жеткен. Олардың 291-і Ташкент қаласында тіркелсе, 60-қа жуығы Ташкент облысынан тіркелді. Қалғаны елдің өзге де өңірлерінен.

Өзбекстанда қатерлі індетті жұқтырғандар саны 50 мыңға таяды. Оның ішінде 47 мыңға жуығы жазылып шыққан.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...