Коронавирус. Әлемде жұқтырғандар 1,5 млн-нан, көз жұмғандар 90 мыңнан асты

9 Сәуір 2020, 23:43
1299
Бөлісу:
Коронавирус. Әлемде жұқтырғандар 1,5 млн-нан, көз жұмғандар 90 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, 9 сәуірде әлемде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 1,5 миллионнан асты. 

Коронавирустан туындайтын Covid-19 дертінен 90 мыңнан астам адам қайтыс болды. 350 мың науқас дерттен айықты.

Вирус жұқтырғандардың 450 мыңнан астамы АҚШ-та. Бұл елде 16000-нан астам адам қайтыс болды. АҚШ билігі алдағы бір-екі апта ел үшін өте қиын болады деп болжаған.

Испанияда 152 мыңнан астам адамнан вирус табылды. 15238 адам қайтыс болды. Бұл елде вирус жұқтырғандар саны сәл азайған. Өткен күндері 6-7 мың болса, 8 сәуірде 5756 адамнан вирус анықталды.

Италияда вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны бірнеше күн бойы түсіп келеді. Өткен апталарда 6-7 мың адамнан вирус табылып жүрген. Кейінгі екі күнде 3-4 мыңнын арасында. Ал 7 сәуірде 604 қайтыс болса, 8 сәуірде 542 адам көз жұмды.

Қазір вирус жұқтырғандар Германия (115 мыңнан аса), Франция (112 мыңнан аса), Иран (66 мыңнан астам), Ұлыбританияда (65 мыңнан асты) және Түркияда (42 мыңнан астам) азаймай тұр.

Өзгелердің жаңалығы