Коронавирус. Қаза тапқандар саны 1665 адамға жетті

16 Ақпан 2020, 11:45
1055
Бөлісу:
Коронавирус. Қаза тапқандар саны 1665 адамға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің жаңартылған деректеріне сәйкес, 2019-COVID коронавирустық инфекциясынан қаза болғандар саны 1665-ке жетті, тәулік ішінде 2009 адам ауруды жұқтырған. 

Айта кетерлігі, қатерлі дерттен айыққандар саны да едәуір өскен – 9419 адам. 

Белгілі болғандай, ауруға қатысты жаңа деректерді Қытайдың 31 әкімшілік орталығы ұсынған.

Соңғы деректерге қарағанда, жаңа коронавирусты жұқтырғандар саны 57 416 адамға жеткен, олардың 11 272-сі ауыр хәлде.

Соңғы тәулік ішінде 1323 адам ауруханадан шығарылған, 142 науқас көз жұмды, 219 адамның жағдайы ауыр деп бағалануда.

Айта кетейік, жақында Еуропада коронавирустан алғашқы өлім тіркелді. Францияда Қытайдан келген 80 жастағы турист коронавирустан қайтыс болды.

ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша комитеті сенбі күні елдің 31 әкімшілік провинциялық аймағынан және Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусынан коронавирус жұқтырудың жаңадан 2641 жағдайы тіркелгені және тағы 143 адамның көз жұмғаны туралы мәлімет алған.

Ал бірнеше күн бұрын Жапонияда 200-ден аса жолаушысы коронавирус жұқтырған Diamond Princess круизді лайнерінде төрт отандасымыздың бар екені белгілі болды. Әзірге олар ешқайда шығарылмайды.

Өзгелердің жаңалығы