Қорғаныс министрі әлем чемпиондары мен жүлдегерлерін құттықтады

7 Қараша 2021, 15:02
1484
Бөлісу:
Қорғаныс министрі әлем чемпиондары мен жүлдегерлерін құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемнің мықтылары сыналған шаршы алаңда ел намысын лайықты қорғадыңыздар – Қорғаныс министрі әлем чемпиондары мен жүлдегерлерін құттықтады. Бұл туралы министрлік сайты хабарлады.

Құрметті армия спортшылары! Сіздерді Сербияның Белград қаласында өткен Әлем чемпионатындағы жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстанның абыройын асқақтатып, Қарулы Күштердің беделін арттыруға үлес қостыңыздар - делінген құттықтауда.

Әлем чемпионатында әскер спортының атынан үш бірдей медаль алу – жоғары нәтиже.

Әлемнің мықтылары сыналған шаршы алаңда ел намысын лайықты қорғадыңыздар. Беделі әлемдік бәсекеде туымыз көкте желбіреп, әнұранымыз шырқалды. Сіздерді жеңіспен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, ел игілігі жолында талай белестерді бағындыра берулеріңізді тілеймін! - деді қорғаныс министрі Мұрат Бектанов.
Өзгелердің жаңалығы