Cанитарлық дәрігерлер Кореядан жеткізілетін кеспенің қауіпті екенін мәлімдеді

22 Қыркүйек 2020, 17:15
1852
Бөлісу:
Cанитарлық дәрігерлер Кореядан жеткізілетін кеспенің қауіпті екенін мәлімдеді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы санитарлық дәрігерлері Оңтүстік Кореядан әкелінетін тез дайындалатын кеспе мен түрік печеньесі құрамында ГМА-ның (ГМО) көп мөлшерін анықтады.

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығының мәліметінше, Оңтүстік Кореядан әкелінген «Джин Рамен» тез дайындалатын кеспесінің 3 үлгісінде және Butter Соокіеѕ Danish Pride түрік печеньесінің бір сынамасында зерттеу барысында ГМА мөлшерінің артқанын анықтаған.

Cанитарлық дәрігерлер Кореядан жеткізілетін кеспенің қауіпті екенін мәлімдеді

Мамандар өнім қауіпсіздігін бақылау аясында 89 тамақ өнімінің сынамасын сатып алып, Алматы қаласындағы Ұлттық сараптама орталығының зертханасына жеткізген.

Зертханалық зерттеулер көрсеткендей, кеспедегі гендік түрлендірілген сояның құрамы 1,4%-дан 10,25%-ға дейін, печеньеде 47,75%-дан асады. Бұл ретте өндірушілердің таңбаларында көрсетілген өнімдердегі гендік түрлендірілген ингредиенттердің құрамы туралы ақпарат жоқ. Тамақ өнімдеріндегі ГМА құрамының рұқсат етілген нормасы «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011 ж.) Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес 0,9%-дан аспайтынын атап өткен жөн, - делінген хабарламада.

Өнімді өткізушілер «Барыс-4» және «Ақбұлақ» көтерме сауда базарларында оның қауіпсіздігін растайтын құжатсыз сатып алған. Аталған фактілер бойынша Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті сауда желісіндегі сәйкес емес өнімді анықтау және оны сатудан алып тастау бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Өздеріңіз білетіндей, ГМОА қатерлі ісіктердің пайда болу қаупін, балалар мен жасөспірімдерде өсудің тежелуін, сондай-ақ, аллергиялық аурулардың пайда болу қаупін арттырады.

Өзгелердің жаңалығы