Кореяда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған маркалар шығарылды

16 Сәуір 2021, 10:42
1556
Бөлісу:
Кореяда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған маркалар шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Корея Республикасындағы Қазақстан елшілігі мен қабылдаушы мемлекеттің ең ірі «Korea Post» пошта операторының бірлескен жұмысының нәтижесінде тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған мерейтойлық маркалар жарық көрді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Маркалардың бір бөлігі салтанатты түрде Корея Республикасындағы жалғыз Марка мұражайының жинағына табысталды. Мұражай директоры На Санг-кук атап өткендей, жаңа экспонаттың арқасында көптеген келуші Қазақстан мәдениетін біліп, онымен жақынырақ танысуға қызығулары мүмкін, - делінген хабарламада.

Осы жылдар ішінде мұражай мәдениет, дәстүрлер, ірі ұлттық және халықаралық іс-шараларды қамтитын әр түрлі тақырыптарға арналған көптеген көрме өткізді.

Мұражай қорындағы ең «жасы үлкен» болып 1884 жылы шығарылған Чосон әулетінің маркасы есептелсе, ал ең жасы кішісі - Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған маркасы.

Өзгелердің жаңалығы